«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, байқауда үздік деп танылған педагогтарды марапаттады. 2021 жылдың 26-28 мамыр күндері педагогтерге арналған "Үздік педагог" конкурсының қалалық кезеңі өткізілген болатын. Қорытындыға сәйкес, «Үздік